«Батыс Қазақстан облысының экологиялық проблемаларының реестрі жасалып, айрықша өзекті экологиялық проблемалар айқындалды», — деді облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Роберт Сүйербаев.
Р. Сүйербаевтың мәліметінше, оның ішінде «өндірістік тұтыным қалдықтарын жинау, өңдеу және пайдалы жарату, соның ішінде пестицидтер мен улы химикаттар бойынша мәліметтер жинау «, сондай-ақ, «Орал жер асты сулары кенішінің аумағындағы Зеленов ауданының Дарьинское ауылында қатты қалдықтар полигонының жоқтығы» болмақ.
Тағы бір басты проблема — Орал өзеніне ластаушы заттарды тастау. «Сүзгіштер мен көлденең тұндырғыштарды жуған сулар тазартылмай өзенге жіберіледі, ал өзен — халықтың ауыз су көзі», — деді Р. Сүйербаев. Осы орайда ол сүзгіштерді жуғаннан кейін ластаушы заттарды Оралға тастауды доғаруға арналған құрылғы салу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жобаның құны 132 млн теңгеге бағаланған. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті