Жарияланды: 20

Батыс Қазақстан облысында әкім иттерді атып тастады

Батыс Қазақстан облысында әкім иттерді атып тастады

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Достық ауылдық округінің әкімі иттерді пневматикалық мылтықпен атып жатқаны видеоға түсіп қалған. Әлеуметтік желіге тараған видео, қызу талқыға түсті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан қолында қаруы бар ер адамның көліктен түсіп, қаруды иттерге қарай бағыттағаны көрінеді.

Бұл оқиғаға қатысты полиция департаменті түсініктеме берді. Видео 2 наурыз күні түс ауа Тасқала ауданы Достық ауылдық округінде орналасқан жанармай құю бекетінде түсірілгені анықталды.

"56 жастағы ер адам пневматикалық мылтықпен қаңғыбас иттерге екі рет оқ атқан. Бірақ оқ жануарларға  тимеген. Бұл дерек Тасқала аудандық полиция бөліміне тіркелді. Ер адамның іс-әрекетінде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ екендігі анықталды. Материал Тасқала ауданының әкімдігіне тәртіптік комиссия отырысында қарау үшін жіберілді, себебі ер адам Достық ауылдық округінің әкімі", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін