Жарияланды: 530

Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда тұрған 37 мектеп бар

Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда тұрған 37 мектеп бар. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарының кезекті отырысында айтылды.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылы облыстық бюджеттен бұл мектептерді күрделі жөндеуге 275 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, облыстың Қазтал және Сырым аудандарында үш мектеп ғимаратын салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді деп межеленген-тұғын. Алайда, бұл қаржы республикалық бюджетте қарастырылмай қалды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовтың шешімімен аталмыш мектеп ғимараттары шетелдік инвестиция есебінен 2004-жылы салынатын болды. Қазір Батыс Қазақстан облысында 600 мектеп бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін