Батыс Қазақстан облысында күздік бидайдың орташа шығымдылығы бір гектардан небәрі 10 центнерді құрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.37
  • 542.16
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында күздік бидайдың орташа шығымдылығы бір гектардан небәрі 10 центнерді құрап отыр

Батыс Қазақстан облысында күздік бидайдың орташа шығымдылығы бір гектардан небәрі 10 центнерді құрап отыр

Батыс Қазақстан облысында биыл күздік бидайдың орташа шығымдылығы бір гектардан небәрі 10 центнерді құрап, былтырғы көрсеткіштен анағұрлым төмен болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы департаментінен хабарлады.

  • 22 Шiлде 2005
  • 640
Фото - Caravan.kz

Ауылшаруашылығы департаментінің мәліметіне сәйкес, биыл 63 мың гектардан күздік бидай жиналады.

Алайда, мамандардың айтуынша, «биылғы түсімнің сапасы сын көтермейді». Астықтың таза салмағы төмен, желімтік қасиеті де оңып тұрған жоқ. Сонымен бірге астық құрамында қоспалар концентрациясы жоғары. Өйткені биыл егістік алқаптарының басым бөлігі бидай қоңызының шабуылына ұшырады. Осыған байланысты биылғы күздік бидайдың шығымдылығы бесінші класқа жатқызылды.
15-шілдеден бастап Желаев астық қабылдау комбинаты жаңа түсімді қабылдай бастады. Қазір жаңа түсім Зеленовский, Сырым және Теректі аудандарында қабылдануда. Желаев астық қабылдау комбинаты астықтың 1 тоннасын 12 мың теңгеге қабылдауда.