Батыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі тәртіптерін сақтамауға байланысты 13 мектеп пен интернаттың жұмысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі тәртіптерін сақтамауға байланысты 13 мектеп пен интернаттың жұмысы тоқтатылды

Батыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі тәртіптерін сақтамауға байланысты 13 мектеп пен интернаттың жұмысы тоқтатылды

Батыс Қазақстан облыстық ауданаралық соты өрт қауіпсіздігі тәртіптерін сақтамауға байланысты бірден 13 мектеп пен интернаттың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның отырысында Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасының бастығы Николай Маштаков хабарлады.

  • 7 Сәуiр 2004
  • 580
Фото - Caravan.kz

Н.Маштаковтың айтуынша, мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасы тарапынан білім беру мекемелеріне жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің, сондай-ақ, облыстағы екі бірдей жоғары білім ошағының жұмысын тоқтату туралы 28 іс матералдары сотқа жіберілген. 125 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру барысында 813 пеш, агрегат және электр желілерінің жұмысына уақытша тыйым салынды.

Бөкейорда ауданындағы Жәңгір хан, Жаныкешев, Т.Масин атындағы орта мектептерде, №1 орта мектепте, көзі көрмейтін балаларға арналған мектеп-интернатта, Орал қалалық саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта өрескел тәртіп бұзу оқиғалары әшкереленді.
Н.Маштаковтың айтуынша, білім беру мекемелерінің басшылары мектептер мен интернаттардағы мұндай ахуалды қаржынының тапшылығымен байланыстырады. Алайда, мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасы бастығының пікірінше, «өрт кезінде қашып шығуға арналған дәліздер мен есіктерді қоқыстан арылтуға қосымша қаржының қажеті жоқ».
Отырысқа қатысушылар нысандардың өрт қауіпсіздігін арттыруға шұғыл шаралар қолдану, қолда бар өрт сөндіру және байланыс құралдарының, өртке қарсы автоматикалық жүйелердің тұрақты дайындығы мен ақаусыз жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар