Жарияланды: 410

Батыс Қазақстан облысында салық және басқа да төлемдер бойынша бюджет алдындағы берешек 2,5 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың 1-қазанындағы жағдаймен Батыс Қазақстан облысында салық және басқа да төлемдер бойынша бюджет алдындағы берешек 2495,2 млрд. теңге болды. 2003-жылғы 1-қаңтарда бұл қаржы 6498,9 млн. теңгені құраған.

Батыс Қазақстан облыстық салық комитетінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, берешек көлемінің азаюына "Қазақгаз" АҚ, "Шабыт" АҚ, "Батыстрансгаз" АҚ тәрізді облыстағы ең ірі қарыздар компанияларды банкрот деп жариялау нәтижесінде қол жеткізілді. Сондай-ақ, комитет мәліметіне қарағанда, "Омега" ААҚ-на 198,9 млн. теңгенің, ал "Аяз" АҚ-на 21,7 млн. теңгенің сауықтыру процедурасы қолданылды. Облыстағы айрықша маңызды нысандарды қамтамасыз етуші кәсіпорындардың берешегі 553 млн. теңге көлемінде. Ал жұмыссыз тұрған кәсіпорындардың берешегі 206,4 млн. теңгені құрады, бұл облыс бойынша кәсіпорындардың жалпы берешегінің 8,3 процентіне тең. Ал төлемдік қабілеттен айрылған кәсіпорындардың берешегі 900 млн. теңгені құрайды. Берешектерді өндіріп алу мақсатымен бюджет алдында берешегі бар кәсіпорындардан 541,9 млн. теңгенің мүлкі тәркілеп алынды. Осы мақсатта 9 шақыру саудасы өткізіліп, 51,3 млн. теңгенің мүлкі саудаға салынды. Аукциондарда 3,4 млн. теңгенің иеліктен шығарылған мүлкі сатылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін