Батыс Қазақстан облысында жанармай төгілу салдарынан өрт шығып бір адам зардап шекті; Қызылордада жер қазу жұмыстары кезінде газ құбыры бүлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында жанармай төгілу салдарынан өрт шығып бір адам зардап шекті; Қызылордада жер қазу жұмыстары кезінде газ құбыры бүлінді

Батыс Қазақстан облысында жанармай төгілу салдарынан өрт шығып бір адам зардап шекті; Қызылордада жер қазу жұмыстары кезінде газ құбыры бүлінді

АСТАНА. 16 тамыз. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында жанармай төгілу салдарынан өрт шығып бір адам зардап шекті; Қызылордада жер қазу жұмыстары кезінде газ құбыры бүлінді, зардап шеккен ешкім жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Тамыз 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «Орал Мұнай Өнімдері» АҚ-ына қарасты №10 резервуардағы алдын алу жұмыстары кезінде жанарайды аударып құю сәтінде статикалық тоқтан болып жанармай төгіліп, артынан ол тұтанып кеткен, өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. «Өрт салдарынан 31 жастағы учаске шебері күйікке шалдығып, ауруханаға түсті. Өртті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 6 техникасының көмегімен сағат 10-да сөндірді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұған қоса, министрліктің хабарлауынша, Қызылордадағы Мерей ықшамауданында жер қазу жұмыстары кезінде «Сарыбұлақ» ЖШС-нің экскаваторы диаметрі 76 мм-лік жер асты төмен қысымды полиэтилен газ құбырына ақау келтірді. «Апат салдарынан 500-550 адам тұратын бес қабатты үш тұрғын үй газсыз қалды. Зардап шеккендер мен бүлінген ештеңе жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Апаттың зардаптарын жоюға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ құрылымының 25 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен өрт өсндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы; «ЮРАОСО» МБ-ның — 6 адамы мен 1 техникасы тартылды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апаттан қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, газ қамтамасыздығы қалпына келтірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті