Батыс Қазақстан облысында "Жылдың таңдаулы салық төлеушісі" атты байқаудың қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында "Жылдың таңдаулы салық төлеушісі" атты байқаудың қорытындысы шығарылды

Батыс Қазақстан облысында "Жылдың таңдаулы салық төлеушісі" атты байқаудың қорытындысы шығарылды

Батыс Қазақстан облыстық салық комитеті "Жылдың таңдаулы салық төлеушісі" атты жыл сайынғы байқаудың қорытындысын шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық салық комитетінен хабарлады.

  • 11 Қараша 2003
  • 347
Фото - Caravan.kz

Облыстық салық комитетінің төрағасы Нариман Тауышевтың хабарлауынша, байқауға қатысушыларды іріктеуде олардың бюджетке салық аударудағы адалдығы, есеп құжаттарын дер кезінде өткізу көрсеткіші, кәсіпорынның үлесіндегі салық жүктемесі тәрізді критерийлер ескерілді.

Байқауға облыстағы 20 мыңнан астам ірі және орта кәсіпкерлер қатысты.
Батыс Қазақстан облысы бойынша ең таңдаулы салық төлеуші атағына Гүлнар Қабденова есімді кәсіпкер басқаратын «Болашақ-Қ» ЖШС ие болды. Сондай-ақ, облыстың әрбір ауданының үздік салық төлеушілері анықталды.

Соңғы жаңалықтар