Жарияланды: 660

Батыс Қазақстан облысының әкімі осындағы мектеп түлектері үшін еліміздің техникалық жоғары оқу орындарында оқуға арнап 10 грант тағайындады

Батыс Қазақстан облысының әкімі осындағы мектеп түлектері үшін еліміздің техникалық жоғары оқу орындарында оқуға арнап 10 грант тағайындады. Грантқа физика және математика пәндері бойынша өткізілген олимпиадаларда жеңімпаз атанған мектеп түлектері ие болмақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Қалиолла Қарағойшин хабарлады.

Техникалық пәндер бойынша арнаулы олимпиада үстіміздегі жылдың сәуір-мамыр айларында өткізіледі. Олимпиаданың басты мақсаты - оқушылардың техникалық пәндер мен мемлекеттік тілге деген құштарлығын оятуға саяды. Олимпиада екі кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезеңде жоғары класс оқушылары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалату үшін тест сынағын тапсырып, екінші сатыда физика, математика, химия, информатика пәндері бойынша олимпиадаға қатысады. Олимпиада қорытындысы бойынша техникалық мамандықтарға бейімі бар, болашағынан үміт күттіретін оқушылар туралы дерекқор құрылып, олардың арасынан ең дарындылары әкімнің грантына ие болады. Қ.Қарағойшиннің айтуынша, алдағы уақытта олар облыстағы өнеркәсіп орындарына жұмысқа қабылданады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін