Батыс Қазақстан облысының әкімі Украинаның "Еңбегі үшін" орденімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының әкімі Украинаның "Еңбегі үшін" орденімен марапатталды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Украинаның "Еңбегі үшін" орденімен марапатталды

Орал. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Украинаның "Еңбегі үшін" орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыс әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Наурыз 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

«Украина президенті Виктор Ющенконың жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Б. Ізмұхамбетов Украинаның ІІІ дәрежелі «Еңбегі үшін» орденімен марапатталды», — деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Әкімшілік ақпаратына сүйенсек, Б. Ізмұхамбетов Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде үкіметаралық комиссия төрағасы ретіндегі жұмысы кезінде Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың нығаюына қосқан зор үлесі, сондай-ақ, Украинадағы Қазақстан жылын атап өтуге тікелей атсалысқаны үшін наградаға ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті