Жарияланды: 400

Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынына қойылған "қырым қанды безгегі" деген диагноз дәлелденді

Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынына қойылған "қырым қанды безгегі" деген диагноз дәлелденді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Кирсаново ауылының екі тұрғыны 38 және 8 жастағы әкелі-балалы екі адам отын дайындап жүріп кенеге шағылған болатын. Бала облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыр күйде жеткізілсе, әкесінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Науқастарға алдын-ала зерттеулер нәтижесіне қарай бүйрек синдромымен қабаттасқан қырым қанды безгегі деген диагноз қойылды. Зертханалық тексеру мақсатымен алынған қан зерттеуі алдын-ала қойылған диагнозды растап берді. Қазір инфекция ошағында ауру жұқтырғандармен байланыста болған адамдар арасында эпидемияға қарсы шаралар қолданылып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін