2013 жылы экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шараларынің тиімділігін арттыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. «Террорлық қылмыстар үшін сотталған азаматтардың экстремизм мен діни терроризм идеясынан бас тартуына ықпал ету, сондай-ақ, теолог-ғалымдардың көмегімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу» топтың тікелей міндеті болып табылады.
Қадағалаушы органның мәліметтеріне қарағанда, бастапқы кезеңде облыс аумағындағы пенитенциарлық мекемелерде діни-экстремистік қылмыстары үшін сотталған 28 адам жазасын өтеген. Оның 14-і Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.
«Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде радикалды көзқарас ұстанған 14 тұтқын бұрынғы идеялардан бас тартып, дәстүрлі мазхабқа бет бұрды. Теолог маман қалған тұтқындар арасында да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.