Батыс Қазақстанда 7765 жұмыс орны ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда 7765 жұмыс орны ашылды

Батыс Қазақстанда 7765 жұмыс орны ашылды

Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 7765 жұмыс орны ашылды.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 379
Фото - Caravan.kz


Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның 3502-сі немесе 45,1 пайызы ауылдық жерде.

Жыл басынан бері 8349 адам, соның ішінде 4077-сі жұмыспен қамту бөлімдері арқылы, 4272-сі «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында еңбек орнын тапты. Оған қоса шағын және орта бизнеске 2926 адам орналасты.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 5550 адам жіберілді. Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 1262 адам, соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 1097 адам жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 2067 адам, соның ішінде аталмыш бағдарламаға сәйкес 1588 адам орналастырылды.