Батысқазақстандық дойбышы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық дойбышы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Батысқазақстандық дойбышы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Болгарияның Кранево қаласында дойбыдан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты мәреге жетті.

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 430
Фото - Caravan.kz


Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа әлемнің 14 елінен жас ерекшелігіне қарай 184 дойбышы қатысты. Батыс Қазақстан облысынан 4 спортшы барды. Соның ішінде 2003 жылғы Әділхан Мирам 10 жасқа дейінгілер арасынан классикалық дойбыдан үшінші орынға ие болды. Бапкері — Данияр Жұмагелдиев.