Батысқазақстандық түлектер 86,45 балл жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық түлектер 86,45 балл жинады

Батысқазақстандық түлектер 86,45 балл жинады

Мектеп бітіруші батысқазақстандық түлектер алғашқы күннің қорытындысы бойынша орташа 86,45 балл жинады.

  • 8 Маусым 2011
  • 578
Фото - Caravan.kz

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, кеше барлығы 4021 түлек сынақ тапсырды. Аудандардан Бөрлі шәкірттері — 99, қаратөбеліктер 91,65 балмен алда келеді.

Облыста екі оқушы 125 балл жинады. Бірі облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектебінің шәкірті Арайлым Аронова болса, екіншісі — Теректі ауданы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының түлегі Үміт Тасқалиева. Аталмыш облыстық мектеп оқушылары орташа 118,8 балл жинап, алға шықса, «Үміт» 118,6 балмен екінші орында тұр.

Ертең Орал қаласы, Зеленов, Теректі және Бөкей ордасы аудандарынан 1356 жас ҰБТ-дан өтпекші.

Соңғы жаңалықтар