Батысқазақстандық түлектердің орташа балы - 83,62 - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық түлектердің орташа балы - 83,62

Батысқазақстандық түлектердің орташа балы - 83,62

Батыс Қазақстан облысында биыл мектеп бітірген 4581 түлектің 3116-сы немесе 68,02 пайызы ҰБТ сынағын тапсырды.

  • 5 Маусым 2015
  • 561
Фото - Caravan.kz

Облыстық білім басқармасынан түскен алдын ала мәліметке қарағанда, шәкірттердің орташа балы — 83,62. Өткен жылы бұл көрсеткіш 81,25 балл болған еді. «Алтын белгіден» үміткер 235 түлектің 118-і немесе 50,21 пайызы, үздік аттестаттан дәмелі 98 шәкірттің 32-сі (32,7 пайыз) өз білімдерін дәлелдеп шықты.

Өңір бойынша облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының түлектері орташа 118,5 балл жинап, үздік нәтижеге қол жеткізді. Теректі ауданындағы «Үміт» тілдер гимназиясы — 117,8, Орал қаласынан қазақ-түрік лицейі — 113,8, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернат кешені орташа 105,4 балды еншіледі.

Аудандар арасынан Теректі (91,03 балл), Бөрлі (89,23), Тасқала (87,82) алғашқы үштікке ілікті.


Еске сала кетейік, «Үміт» тілдер гимназиясының түлегі Сымбат Самат ең жоғары 125 балл жинады әрі «Алтын белгісін» қорғап шықты.