Баян Алагөзова атышулы Байзақованы бостандықтағы жылқыға теңеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзова атышулы Байзақованы бостандықтағы жылқыға теңеді

Баян Алагөзова атышулы Байзақованы бостандықтағы жылқыға теңеді

Баян Алагөзова қоғамда шу тудырғаннан кейін көпшілікке кеңінен танылған Айжан Байзақованы «бостандықта жүрген жылқыға» теңеді.

  • 8 Наурыз 2018
  • 585
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы танымал продюсер Tengrinews сайтының «The Эфир»бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Stan.kz.

«Айжан Байзақовамен таныстығым жоқ. Бірақ ол менің бойымда жағымсыз әсер туғызбайды. Мен «Алау» тобына бейнебаян түсіретін кезде ол туралы алғаш естідім. Әлеуметтік желіде кімнің танымал екенін сұрағанымда, топтағы ұлдар «Байзақова» деді. Оның кім екенін сұрағанымда, олар таңданып: «Байзақованы танымайсыз ба?» – деді. Мен оның суреттерін көрдім. «Құдайым-ай, қандай еркін қыз», – деп ойладым. Ол бостандықта жүрген жылқыны есіме түсірді. Оның иесі жоқ. Оны бағындыратын ер адам мықты болуы қажет.

Баян Алагөзова қалың халыққа не себепті ортаңғы саусағын көрсеткенін түсіндірді

Мен оның сұхбатын көрдім. Оның ақымақ қыз емес екенін байқадым. Ол өз ойын ашық айтып, тәнін ашық көрсете алады. Кеудесін жалаңаштап көрсетеді. Бұл – жай ғана кеуде. Оны ашып көрсеткің келмесе, көрсетпе. Бірақ неге басқалардың кеудесін жалаңаштауына тыйым саласыз? Кореяға қарасаңық, олар өз дәстүрін, тарихын құрметтейді. Алайда онымен қатар К-Рор-та дамуда. Қыздар іш киіммен, боянған күйде шығып, өнер көрсетуде. Алайда кәрістер: «Оларды елден қуу керек, асып қою керек. Олар қауіпті. Олар – бұзылған қыздар мен жігіттер», – деп жатқан жоқ. Керісінше, өркениеттің дамып жатқанын айтады. Ал неге бізге болмайды?» – дейді продюсер.

Сондай-ақ бағдарлама жүргізушісінің «Бізде заманауи өмірге жету үшін әлі қанша күту керекпіз?» деген сұрағына жауап берген Баян Алагөзова елімізде етіктің де сапалы тігілмейтінін айтты.


«Біз сапалы етік тігіуді үйренген кезде. Біздің қолымыздан бұл да келмейді. Біз Италияның етіктерін киеміз. Біраз «біз кереметпіз» деуден жалықпаймыз», – дейді Баян Алагөзова.

 

Оқи отырыңыз:

Ер адамның әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек — Баян Алагөзова

Баян Мақсатқызы “КешYou тобының қыздарын қалталы азаматтарға сатады” дегендерге жауап берді

Баян Алагөзова «Махаббат бекеті-2» фильмінде басты рөлде кімнің ойнайтынын айтты