Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды

Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды

Баян Алагөзова жезөкшелерді сабаған Жан Ахмадиевтің әрекетін сынға алды.

  • 28 Наурыз 2018
  • 122
Фото - Caravan.kz

“Бұрынғы батырларымыз жерді жаудан қорғаса, бүгінгінің баырлары жезөкшелерді қамшымен сабап жүр. Және сол “ерлігін” камераға түсіріп, жариялайды. Ең сорақысы – мұндай жабайылықты көпшіліктің қолдағаны. Қоғамның сипаты – осындай. Құқық қорғау органдары  бұны жай қалдырмай, пікір білдіреді деп үміттенем”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Рэпер Жан Ахмадиев Алматының көшесінде тұрған Шымкенттік жезөкшелерді қамшымен сабады

Желі қолданушларының бірі Баян Мақсатқызының сөзін құптаса, енді бірі Жан Ахмадиевті қолдап шықты.

“Жәкеңнің әрекетін қолдаймын. Жеңіл жүрістілерді жөнге салу керек”, “Жезөкшелерді емес, соларға барып жүрген еркектерді сабау керек”, “Шынында да ер азаматқа қыздарды бұлай жазалау – жабайылық”, “Сын айту үшін өз ісің дұрыс болу керек”, “Ахмадиев өзін таныту үшін жасаған”, деп жазады желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін рэпер Жан Ахмадиев Алматының Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, ол әрекетін желіге жариялаған еді. Алайда көпшілік мұның жарнама үшін жасалған іс екенін айтып, рэпердің өзін кінәлаған болатын.


Қазігі уақытта полиция Жан Ахмадиевтің видеосын тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Көшеде қамшы алып, жөзекшелерді сабағанша, сол қыздарға барып жүрген еркектерді сабау керек

Жауапқа тартылмаса көшеге шығып бәрін боқтаймын — Байзақова Жан Ахмадиевті сынап тастады