Баян бейнесін өзгертемін деп, жұртшылықтың сынына қайтадан ілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян бейнесін өзгертемін деп, жұртшылықтың сынына қайтадан ілікті

Баян бейнесін өзгертемін деп, жұртшылықтың сынына қайтадан ілікті

Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегілердің назарын қайтадан өзіне аудартты.

  • 20 Қазан 2017
  • 1240
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы өзінің сырт келбетін өзгерткен продюсер күтпеген жерден жұртшылықтың сынға толы жүздеген пікіріне көміліп қалды. 

“Кино дегеніңіз – әрқашан бейнені өзгерту. Бұл бейне маған сай келмеді, басқасын қарастырамыз”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Жаңа бейнесін продюсер фильм түсірілімі үшін өзгерткен секілді. Ал желі оқырмандары пікірлерін қарша боратуда.

"Кәрі көрінесіз, баяғы шашыңыз жақсы еді", "Мынауын қызға ұқсамай кетті ғой", — деген пікірлер Баянның парақшасын бір сәтте толтырып жіберді.

 

Кейбіреулер Баянның Кәмшат Жолдыбаеваға ұқсап кеткенін айтып жатыр.

Соңғы жаңалықтар