Баянауылда дәрігерлердің кесірінен жүкті әйел қайтыс болған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баянауылда дәрігерлердің кесірінен жүкті әйел қайтыс болған

Баянауылда дәрігерлердің кесірінен жүкті әйел қайтыс болған

[wpcode id="1694287"] Баянауыл ауданында 70 жастағы акушер-гинеколог Ғалия Байжанова мен 43 жастағы хирург әрі бас дәрігердің м.а. Мұра

  • 23 Қараша 2016
  • 885
Фото - Caravan.kz


Баянауыл ауданында 70 жастағы акушер-гинеколог Ғалия Байжанова мен 43 жастағы хирург әрі бас дәрігердің м.а. Мұратбек Зарахан жүкті әйелдің қайтыс болғаны үшін екі жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Өткен жылы 28-мамыр күні сағат 10-да денсаулығында ауытқуы бар С. есімді жүкті әйел Баянауыл ауданының перзентханасына түскен. Көп ұзамай сот пен арнайы комиссия Байжанованың босанудың күрделі өтіп жатқанын біле тұра акушерге науқасты тастап кетіп, үйіне кетіп қалғанын анықтаған. Сағат 14.50-де дүниеге дені сау ұл бала келген. Дегенмен әйел адамнан көп мөлшерде қан кетіп, дәрігерге хабар жеткізілген. Сағат 15.30-да жоғалған қанның мөлшері шекті деңгейден асып, 1000 мл. құраған. Акушер-гинеколог дәрігер Байжанова мен хирург Зарахан ауруханаға сағат 16.00-де бірақ жеткен. Науқасқа бір сағат өткеннен кейін ғана ота жасалған. Бұған қоса, ауруды сездірмейтін дәрі жеткілікті мөлшерде салынбаған. — 2015 жылы 28-мамыр күні сағат 18.40-та Г. Байжанова мен М. Зараханның лапаротомия кезінде өздерінің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы және медициналық көмек көрсету стандарты тәртібін сақтамауы салдарынан С-ның жүрегі тоқтап қалып, қайтыс болған, — деп жазылған сот үкімінде. Дәрігерлердің екеуі де өз кінәсін мойындап, өкінуіне байланысты шартты мерзім алған.

 

Соңғы жаңалықтар