Беделхан Ninety One тобын "көгілдірлер" деп ойлайтындарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беделхан Ninety One тобын "көгілдірлер" деп ойлайтындарға жауап берді

Беделхан Ninety One тобын "көгілдірлер" деп ойлайтындарға жауап берді

Ерболат Беделхан "91" тобын сахналық стиліне бола "көгілдірлер" деп ойлайтындарға жауап берді. Продюсер о баста мұндай сөздердің жүретінін біліп, жігіттерді 2 жыл дайындағанын жеткізді. Алайда соған қарамастан, елдің сөзі солистерге ауыр тигенін айтты.

  • 15 Қараша 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол адамның өзінің ішіндегі ойлары. Ал мүмкін ол көгілдір емес шығар?! Демек сен ой салып тұрсың. Сырға мен шаш бояуды тереңінен зерттесеңіз, мәселе "көгілдірлерде" емес екенін түсінесіз. Баяғы білімнің жетіспеушілігі және Кеңес одағының тәрбиесі деп айтар едім. 
Содан шыға алмай қалған адамдар солай ойлайды", — дейді Беделхан.

Продюсер Қазақстан шоу-бизнесіне "поп" сөзін алып келуді мақсат тұтқан. Себебі "эстрада" сөзімен экспортқа, яғни шетел нарығына шыға алмайтынымызды түсіндірді. Беделхан 20 жылдық тәжірибесін қолдана отырып, жігіттерді 2 жыл тәрбиелеген. 

"Әрқайсысы өнерлі. Мысалы, Батырхан Мәліков (Alem) жоғары білімі бар музыкант. Бірақ джаз-вокалист болғандықтан, оның сіңіріп қойған білімі кейде кедергі келтіреді. Өнерлі балаларды іріктей отыра, оларды 2 жылдай дайындадым, сындырдым. 


Тек қана би, ән емес. Психологиялық тұрғыдан дайындадым. Ертең осындай әңгімелер болады, тіпті жақының келіп айтуы мүмкін, дедім. Алғашқы қадам болғандықтан, өте ауыр тиеді. Барлық жағынан түсінді, білді. Демек, жас болды олар да. Үзілді-кесілді келісіп, келісім-шартқа қол қойғанның өзінде балаларға ауыр болды", — деді Беделхан. 

Соңғы жаңалықтар