Beeline енді басқа ұялы операторлардың нөмірлерін қайталай алады
Ұялы байланыс операторы "КаР-Тел" ( Beeline бренді) ЖШС жаңа DEF 776 коды арқылы "Нөмірді қайталау" қызметін ұсынып отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен. |
Енді абонент қолдағы нөмірін сақтай отырып, Beeline операторына қосыла алады.
"Ол үшін Beeline-нің кез-келген сату офистеріне хабарлассаңыз болды, айтқан нөміріңіз бос болса, 5-7 минут ішінде ол сіздікі болмақ ", делінген хабарламада.
Tele2 операторы да сондай қызмет көрсетеді.
"КаР-Тел" компаниясы (Beeline бренді және Қазақстандағы Beeline Business ) "ВымпелКом ЛТД" компаниялар тобына кіреді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін