Беймәлім боксшылармен жұдырықтасудан басқасы қолынан келмейді – Украина маманы Елеусіновті сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беймәлім боксшылармен жұдырықтасудан басқасы қолынан келмейді – Украина маманы Елеусіновті сынады

Беймәлім боксшылармен жұдырықтасудан басқасы қолынан келмейді – Украина маманы Елеусіновті сынады

Қазақ боксшысы соңғы екі жылдан бері кәсіпқой рингке шыққан жоқ.

  • 7 Ақпан 2024
  • 35
Фото - Caravan.kz

Украиналық журналист, vRINGe.com сайты бас редакторының орынбасары Святослав Осипов Данияр Елеусіновті ауыр сынады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Sports.kz сайтына сұхбат берген журналист қазақстандық боксшы туралы ешнәрсе естігісі келмейтінін ашық айтты.

«Мен оны түсінбеймін. Қазір тіпті, ол маған қызық та емес. Әсіресе, Matchroom-мен келісімшарттан бас тартқаннан кейін, Иван Голуб пен Тарас Шелестюкке жекпе-жек уәде беріп, кейін түрлі сылтау айтып қашқақтағаннан кейін ол туралы естігім де келмейді. Оның қолынан келетіні – өз жеріне ешкім танымайтын боксшыларды әкеліп, IBO белбеуін қорғау ғана. Не дейін, сәттілік тілеймін оған», — деді журналист.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов өз менеджерімен кикілжіңге келіп, оның соңы сотқа дейін жеткен болатын. Салдарынан соңғы екі жылда боксшы кәсіпқой рингке шыққан жоқ.