Бекболат Тілеухан оқулық сапасын сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекболат  Тілеухан оқулық сапасын сынға алды

Бекболат Тілеухан оқулық сапасын сынға алды

Бір жылдан соң мектеп оқулықтары түбегейлі жаңартылатын болды. Мазмұны түсініксіз тапсырмалар мүлдем алынып тасталмақ. Осы олқылығы үшін талай мәрте сыналған Білім министрлігі тіпті арнайы бағдарлама да әзірлеп қойған.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 292
Фото - Caravan.kz

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

— Деңгейлік бағдарламаға көшеміз, келесі жылы көшеміз. Сол бағдарлама бойынша арнайы жаңа оқулықтар шығаратын боламыз. Келесі жылдан бастап Қазақстанда жаңа оқулықтар шығарылады.

Сөйтіп бірнеше жылға созылған оқулыққа қатысты келіспеушілікке нүкте қойылуы тиіс. Өйткені үй тапсырмасы баланың ғана емес, үлкеннің де басын қатырып жібереді. Ендігі жерде кітап оқушылардың қолына тимес бұрын тыңғылықты сараптамадан өткізілмек. Ал министрлік жиі түсінбестік тудыратын қателікті авторлардан көріп отыр. Бұдан-былай қазақ тіліндегі кітаптардың сапасына жіті мән беріледі. Бір қынжылтатыны мемлекеттік тілдегі оқулықтар көшірмеге айналып кеткен. Ресейден қайталаймыз деп ақылға сыймайтын сорақылыққа жол береді. Мұны бүгін ұлт жанашырлары сынға алды.


Бекболат Тілеухан, қоғам қайраткері:

— Алтыншы класстың математикасын өткен жолы айтты ғой, ит 17 рубль тұрады, шошқа 51 рубль тұрады дейді. Айырмашылығы қанша дейді? Рубльдің не қатысы бар?  Біз Қазақстан Республикасында тұрып жатырмыз.