Бекболат Тілеуханнан коронавирус анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекболат Тілеуханнан коронавирус анықталды

Бекболат Тілеуханнан коронавирус анықталды

ҚР Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханнан коронавирус анықталды.

  • 12 Маусым 2020
  • 421
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды,- деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр.

Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті.

Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын.

Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін.


Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді.

Аман болайық",- деп жазды Бекболат Тілеухан. 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли де коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар