Бекіре тұқымдастарға «төлқұжат» беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекіре тұқымдастарға «төлқұжат» беріледі

Бекіре тұқымдастарға «төлқұжат» беріледі

Бұндай жұмыстар бірнеше жыл жүргізілуде. Негізгі мақсаты: бекіре тұқымдастардың миграциялық жолдарын зерттеу, сондай-ақ, табиғи және жасанды популяция деңгейін анықтау, деп жазды Baq.kz

«Әрбір ұсталған тұқым беруші балыққа және жас балыққа мамандар генетикалық паспорт жасайды. Соның арқасында кейінірек, балықтың қайдан келгенін, «ат?

  • 10 Маусым 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

«Әрбір ұсталған тұқым беруші балыққа және жас балыққа мамандар генетикалық паспорт жасайды. Соның арқасында кейінірек, балықтың қайдан келгенін, «ата-анасы» кім екенін, қай зауыттан шыққанын немесе табиғи жолмен пайда болғанын анықтай аламыз. Сөйтіп, әрбір елдің, әрбір зауыттың бекіре тұқымдастарды қалпына келтіру үдерісіне қосқан үлесі де белгілі болады», — деді «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Атырау филиалының директоры Ерболат Қадимов.

​Қадимовтың айтуынша, шабақтардың өміршеңдігі туралы нақты ақпараттың болмауы – бекіре зауыттары бар Каспий маңы мемлекеттері үшін ортақ проблема. Қазір сыналып жатқан гендік – молекулярлық талдау әдістемесі болашақта жасанды және табиғи популяция арасындағы айырмашылықты ажыратып алуға мүмкіндік береді.

​Жергілікті екі бекіре зауыты 20 жылда бекіре, қортпа, щоқыр сияқты балықтардың жүз миллионнан астам шабағын теңізге жіберген екен. Егер, қортпа 17-18 жаста жыныстық тұрғыдан ересек балыққа айналатынын ескерсек, кезіндегі шабақтардың қазір уылдырық шашуға шығуы әбден мүмкін.


Соңғы жаңалықтар