Беларусь ғалымдары адамның генетикалық паспортын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь ғалымдары адамның генетикалық паспортын ұсынды

Беларусь ғалымдары адамның генетикалық паспортын ұсынды

Өздігінен басқарылатын ұшақтар, адамның генетикалық паспорты және келешектің тағамы. Мұның бәрі Беларусь ғылымының жемісі ретінде Минскіде ашылған көрме аясында ұсынылды, деп хабарлады www.24.kz.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz


58 институт пен Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары ойлап тапқан 500-ге жуық инновациялық жоба Беларусь еліне ғана емес, жаһандық ғылымға қосылған үлес деуге лайық. Атап айтқанда, ғарыштық зерттеу, өздігінен басқарылатын авиация және наноматериалдар, картоп, бидай, сүт өнімдерінің жаңа түрлері көрмеге келгендердің қызығушылығын оятты. Ал елдің Ұлттық ғылыми академиясы адамның генетикалық паспортын ұсынды. Оған қазірдің өзінде кез келген беларусь азаматы тапсырыс бере алады. Ал көрмеге жол тартқан өзге ғылыми жаңалықтарды ғалымдар өздерінде ғана емес, көрші елдерде де қолданысқа енгізуді көздеп отыр.

"Бұл көрмеге біз өнеркәсіп, өндірістегі әріптестерімізді қызықтыруы мүмкін деген жобаларды ғана әкелдік. Бүгінгі қоғамда жаңалықтарды ашып, көрсетіп қана қоймай, коммерциямен ұштастыра білу керек", — деді  Беларусь Республикасы ҰҒА Президиум төрағасының орынбасары, академик Сергей Килин.

Соңғы жаңалықтар