Жарияланды: 330

Беларусь Қазақ мұнайын өз елінде өңдеуге ниетті

Беларусь Қазақ мұнайын өз елінде өңдеуге ниетті

Беларусь Қазақ мұнайын өз елінде өңдеуге ниетті. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысында Беларусь Премьер-Министрінің орынбасары Михаил Русый айтты.

«Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық шамамен 727 млн. долларды құрап, 17 пайыз өсім көрсетті. Жыл соңына дейін өзара сауда көлемі 1 млрд. долларға жетеді деп күтудеміз», - деді ол. Оның атап өтуінше, екі ел арасындағы сауда-саттықта теңгерімсіздік бар әрі оны беларусь тарабы жоюға дайын. Бұл ретте М.Русый қазақстандық импортты көмірсутек шикізаты мен мұнай өнімдерін беларусь кәсіпорындарында өңдеу арқылы еселей түсуге болады деген ойын жеткізді. «Бұған мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге тезірек қол қою өз септігін тигізер еді», - деді М.Русый.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін