Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллин туралы “Кеудесін аспанға тіреп қояды, көріп тұрып амандаспайды” - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллин туралы “Кеудесін аспанға тіреп қояды, көріп тұрып амандаспайды”

Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллин туралы “Кеудесін аспанға тіреп қояды, көріп тұрып амандаспайды”

Әнші Ақбота Керімбекова әріптесі Нұрболат Абдуллин туралы айтты.

  • 16 Қыркүйек
  • 12713
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Adal Adam YouTube арнасына берен сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Бірақ сый-құрмет жағынан қатты сыйлаймын деп айта алмаймын ол баланы. Өзі де көрсе, түсінер. Ол көзқараста жалғыз мен емес. Бір жарқырп шықты ма, кеуделерін аспанға тіреп қояды. Өмір бойы солай жүретін сияқты. Қасымызда тұрып амандаспай кететін жастарымыз бар. Көріп тұрып көрмей тұратындарды мен сыйламаймын. Нұрболатты соның қатарына қоямын, оны бетіне де айтқанмын. “Мына көкірегіңді түсірмесең, ертең біздің жасымызға сен де келесің. Сенің артыңнан сенен мықтылар шығады. Адам қарапайым болу керек” дегенмін. Амандаспау деген ұят нәрсе ғой”, — деді Ақбота Керімбекова.