Беларусь тұрғыны Қарағандыда жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь тұрғыны Қарағандыда жоғалып кетті

Беларусь тұрғыны Қарағандыда жоғалып кетті

Қарағандыға алғаш рет келген ер адам 28 наурыз күні таңғы бестің шамасында шығып кеткен

  • 4 Сәуiр 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Полиция Қарағандыға алғаш рет келіп, жоғалып кеткен Беларусь тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлады Sputnik облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

39 жастағы Кожуров Игорь Анатольевич Беларусь Республикасында дүниеге келген және сонда тұрады.

28 наурыз күні таңғы бестің шамасында Қарағандыдағы Олимпиада көшесіндегі мекенжайдан шығып кеткен, әлі күнге дейін одан хабар жоқ. Қарағандыға алғаш рет келген, қаланы білмейді. 

Белгілері: бойы180 сантиметр, шашы ақшыл, арық денелі, жүзі сопақша, көзі көк, денесінде тыртық жоқ. Қара бас киім, қоңыр тон, қара шалбар мен ақ кроссовка киген. 

Полиция Кожуровтың қайда екенін білетін тұрғындардан мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 8 (7212) 429 144, 429 230, 429 282  немесе 102, 8 701 888 48 01, 8 705 332 43 92.


Оқи отырыңыз:

Маған талап қойылды — Ерке Есмахан

«Бала туу көрсеткіші өте аз»: Петропавлда перзентхана жабылатын болды