Жарияланды: 910

Маған талап қойылды - Ерке Есмахан

Маған талап қойылды - Ерке Есмахан

Былтыр “Қайда” деп сүйіктісін Қазақстанның әр аймағынан іздеген Ерке Есмахан бейтаныс жігітпен көзге түсті. Алайда ерке әншінің жанындағы жігіт ел танып қалған Әли Байжұмат емес, басқа азамат.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Шын мәнінде Ерке тыңдармандарына жаңа бейнебаян дайындап жатқан болып шықты. Еркенің айтуынша, бұл туынды алдыңғы екі бейнебаяннан өзгерек болмақ.

“Бұл әннің іздеп жүрген “Қайда” немесе “КЗ жігіт” әніне ешқандай қатысы жоқ. Соның жалғасы деп ойламаса екен деймін. Мен сериал түсіріп жүрген жоқпын ғой, сондықтан да басқаша тақырып”, – деді Ерке “Гәкку” арнасына берген сұхбатында.

“Шыны керек, қандай ән, бейнебаян туралы ештеңе айтқым келмейді. Себебі оны тосынсый жасағым келіп тұр”, – деген Ерке ақырында оның қандай тосынсый екенін де айтып қойды.

“Өмірдің өзі ер адам мен әйел адамнан құралғандықтан, сол қыз бен жігіттің арасындағы махаббат. Бұл кішкене өзгеше. Көрермендерге де басқаша болып көрінуі мүмкін. Өзім үшін де ерекше, басқаша туынды болып тұр. Рөлді өзім сомдаймын. Өйткені бұл басқа бейнебаяндарға ұқсамайды. Сондықтан да осы жерде маған талап қойылды”, – дейді Есмахан.

Ұқсас тақырыптар:

Оның деңгейі әлдеқайда төмен. Әнші Ерке тележұлдыз Бузовадан несімен артық - фанаттары

Мәскеуден Бузованы іздеп жүрген Ерке Есмаханды желі қолданушылары сөгіп тастады
Ерке Есмахан сүйікті адамы үшін сахнадан кетуге дайын ба, жоқ па?
Ерке Есмахан желіге өзін ренжіткендер жайлы жазды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін