Бен Ладеннің өлімінен соң НАТО әскерлерінің Ауғанстанда қалауына негіз жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бен Ладеннің өлімінен соң НАТО әскерлерінің Ауғанстанда қалауына негіз жоқ

Бен Ладеннің өлімінен соң НАТО әскерлерінің Ауғанстанда қалауына негіз жоқ

Бен Ладеннің өлімінен соң НАТО әскерінің Ауғанстанда қалуына еш негіз жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Ауғанстан: қазіргі және болашақтағы тұрақтылыққа әсер және Орталық Азиядағы қауіпсіздік» атты халықаралық конференция барысында Берлин орталығының үйлестірушісі Абдольванд Бехруз мәлімдеді.

  • 27 Мамыр 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Бен Ладеннің өлімінен соң НАТО әскеріне әскери шараларды жүргізу үшін еш себеп жоқ. Жақын арада ондағы әскер шығарылуы мүмкін»,-деп атап өтті Абдольванд Бехруз. Оның айтуынша, Орталық Азия елдеріндегі мемлекеттер үшін Ауғанстандағы тыныштық өте қажет. «Сондықтан ауған мәселесіне осылай жиі соғып, талқылап тұру, нақты іс-әрекеттер керек», -деді ол.

Конференция барысында Ауған мәселесімен қатар, Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі де сөз болды. Сондай-ақ АҚШ пен НАТО әскері Ауғанстаннан кеткен жағдайда болатын салдарлар да талқыланды. «Exclusive» журналы мен Ф. Эберт қоры ұйымдастырған конференцияға Қазақстан мен халықаралық сарапшылар, Германия, Ауғанстан, Пәкістан мен Ресейдің дипломатиялық корпусының, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар