Березовка ауылының жұрты Ақсайға көшірілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Березовка ауылының жұрты Ақсайға көшірілетін болды

Березовка ауылының жұрты Ақсайға көшірілетін болды

Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылының жұрты ақыры Ақсайға көшірілетін болды. Шағын қалада оларға арналып көпқабатты екі үй тұрғызылуда. Оның біреуі қыркүйек айының соңында пайдалануға берілмек. Өңірге жұмыс сапарымен келген премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев тұрғындарға жағымды жаңалықты өзі жеткізді. Оның айтуынша, жұрттың талап -тілегі түгел ескерілмек. Бірақ бұқараның кей жағдайларға көңілдері толмайтын тәрізді.

  • 28 Тамыз 2015
  • 203
Фото - Caravan.kz

Березовкадағы бұқараға жаппай көшуге пәрмен келгенімен, кейбірі жаңа қонысқа баруға құлықсыз. Айтуларынша, баспана берілгенде адам саны мен жас шамасы ескерілмеген. Сондықтан жылы орындарынан қозғалуға екі ойлы болуда.  

Оксана Зинешева, Березовка ауылының тұрғыны:

— Бізге жасалған ұсыныс көңілімізден шықпайды. Пәтер үлестіргенде адамның жас шамасын ескермеген. Мысалы менің 22 жастағы ұлым мен 4-тегі қызым бар, өзі екі бөлме болса, сонда мен екеуін бір бөлмеге орналастымарымн ба? Оның үстіне ешқандай өтемақы жоқ.

Тұрғындар көкейдегі сан-сауалды премьер-министрдің орынбасарына қарша боратты. Бердібек Сапарбаев жұртқа көшу жоспарының бекітілгенін естіртуге арнайы келсе керек. Жалпы бүтін бір ауылдың қонысын аударуға жақын маңдағы «Қашаған» кен орнының аумағын кеңейтуі себеп. Әрі өткен жылғы төтенше жағдайдың тікелей әсері болғаны жасырын емес. 20 дан астам мектеп оқушысы бірінен соң бірі естерінен танып құлаған еді. Ата-аналар бар кінәні кен орнынан көрген. Алайда, мамандар улы газдың ақауы бар жылу қазандығынан тарағанын анықтапты.   

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

 — Арнайы тексеру жүргізген комисия осы жағдайдың жақын маңдағы қазандықтан туындағанын анықтады. Қазір сол бұзылған қазандықтың орнын ауыстыру үшін облыстық әкімдік жұмыс жасап жатыр. 

Березовкадан бөлек шағын Бестау ауылыда көшірілмек. Жұртқа 30 шақырым жердегі Ақсай немесе Бұрлын елді-мекенін таңдауға мүмкіндік берілген. Алайда, көбісінің туған топырағын тастап кеткісі жоқ.

Оксана Турчева, Березовка ауылының тұрғыны:

— Үш жыл бұрын көшіп келгенмін. Осында қалғым келеді.Қалаға кеткіміз жоқ. Ал, енді Ақсайға бару керек. Онда менің анам мен туыстарым бар.

Жақын күндері алғаш көшірілетін 127 отбасының тізімі жасалады. Әр адамға 15 шаршы метрден бөлінуі тиіс. 80 пәтерлі көп қабатты үйдің құрылысы аяқталып қалған. Алғашқы легі қыркүйекте қоныстанбақ. Бұл нысандар комерциялық негізде салынған еді. Бірақ, компания оны басы бүтін сатып алып, жұртқа тегін үлестуріде. Жалпы саны 2138 адам осында көшіп кірмек. Баспанадан бөлек шаруашылық нысандары үшін өтемақы беру көзделген. Әзірге оның көлемі белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар