«Бергей Рысқалиев ісі» көлемі жағынан «Қорғас ісінен» де асып түсуі ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бергей Рысқалиев ісі» көлемі жағынан «Қорғас ісінен» де асып түсуі ықтимал

«Бергей Рысқалиев ісі» көлемі жағынан «Қорғас ісінен» де асып түсуі ықтимал

«Бергей Рысқалиев ісі» көлемі жағынан «Қорғас ісінен» де асып түсуі мүмкін.

  • 9 Қыркүйек 2013
  • 360
Фото - Caravan.kz

Атырау облысының бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиев пен оның командасы тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша сот тыңдаулары қарашаның аяғы — желтоқсанның басына шегерілді. Бұған дейін сот тыңдаулары тамыздың аяғы — қыркүйектің басында басталады деп хабарланған еді. Қазір бұл қылмыстық іс 500 томға жетіп жығылады, сот тыңдаулары басталған сәтте жиналған материалдар 800 томға жетеді деп күтілуде. Бұл «Қорғас ісінен» де асып түседі дегенді білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысындағы Рысқалиевтің командасы жымқырған фактілер бойынша қылмыстық істерді тергеу барысында жедел тергеу тобы 100-ге жуық түрлі сараптама жүргізген, мыңнан астам адам сұралды, ондаған іздеу шаралары жасалып. 30 мыңнан астам құжат тәркіленді. Тергеу тобы жұмысының нәтижесінде Атырау облысында 2006-2012 жылдар аралығында 6 жыл бойы әрекет етіп келген бұрынғы әкім Бергей Рысқалиев құрған және басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Тергеу барысында анықталғандай, Рысқалиев өзіне берілген билікті пайдалана отырып мемлекеттік қаражатты қолды ету мақсатымен 35 адамнан құрылған үш ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.

Ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген айыптаумен 11 адам жауапқа тартылды, олардың ішінде облыс әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Керімов, облыс әкімдігінің қаржы басқармасының экс-бастығы Жантеміров, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы бастығы Жиенбаев, «Мемсараптама» РМК директорының бұрынғы орынбасары Құралбаев, сонымен қатар ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған кәсіпорын директорлары бар. Үй қамауында 10 адам отыр, ал 2 адам ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды. 11 адам сырттай сотталып, оларға іздеу жарияланды. Оның ішінде бұрынғы әкім Бергей Рысқалиев, оның інісі Аманжан Рысқали мен олардың туыстары Әлбақасов, Желдібаев және Ізбасар, сонымен бірге олардың бақылауындағы фирмалардың құрылтайшылары мен директорлары бар. Аталған тұлғаларға байланысты қылмыстық істің материалдары бөлек қаралуда. Рысқалиевтің бастамасымен құрылған қылмыстық топ мемлекетке 71 млрд. астам теңге көлемінде зиян келтірген. Тергеу барысында қолданылған шараларға сәйкес мемлекетке 23,4 млрд. теңге көлемінде мүлік қайтарылды.

Мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыру мақсатында айыпкерлердің жалпы құны 39 млрд. теңге болатын 560 аталым бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.