Бергей Рысқалиевтің ісі бойынша сот үкімі 10 қарашада белгілі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бергей Рысқалиевтің ісі бойынша сот үкімі 10 қарашада белгілі болады

Бергей Рысқалиевтің ісі бойынша сот үкімі 10 қарашада белгілі болады

10 қарашада Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі бойынша сот үкімі шығарылады.

  • 29 Қазан 2014
  • 424
Фото - Caravan.kz


«Сот тыңдаулары аяқталды. Барлық айыпталушыларға сот үкімі шығар алдында соңғы сөзін айтуға мүмкіндік берілді. Үкім 10 қарашада шығарылады», — деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Атырауда миллиардтаған мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін айыпталған Бергей Рысқалиевтің бұрынғы командасындағы шенеуніктер тобына қатысты сот үдерісі жалғасуда. Сотталушылар орындығында 22 адам отыр. Экс-әкімге және тағы 9 адамға мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Айыптаушы тарап соттан сотталушыларға 8 жылдан 18 жылға дейін түрмеде отырғызу жазасын тағайындауды сұрады. Прокурор облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукеновке ең жоғары жаза беруді — 18 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ облыс әкімнің бұрынғы орынбасары Асқар Әбдіровке — 15 жыл, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімовке, облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Кенжебеков пен энергетика басқармасының басшысы Бауыржан Жайсаңовқа — 14 жылдан, қалған сотталушыларға — 8-10 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын беру сұралды.