Берлинде Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының 6-отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Берлинде Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының 6-отырысы өтеді

Берлинде Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының 6-отырысы өтеді

АСТАНА. 30-қазан. Kazakhstan Today. 30-31-қазанда Берлинде Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының 6-отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Қазан 2006
  • 471
Фото - Caravan.kz

Е.Ашықбаевтың айтуынша, отырыс комиссияның тең төрағалары — ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Оңжанов пен ГФР үкіметінің қоныс аударғандар мен азшыл ұлттар ісі жөніндегі уәкілетті өкілі, ГФР ІІМ-нің статс-хатшысы, ГФР Бундестагының депутаты Кристоф Бергнердің басқаруымен өтеді.

«Отырыста Қазақстан Республикасында тұратын неміс ұлты өкілдерін қолдау жөніндегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланады»,- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, комиссия жұмысының қорытындысы бойынша екі ел үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасының неміс ұлтты азаматтарын қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы 1996-жылдың 31-мамырындағы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті