Бес парызды ұстанбаймын - Жанат Бақыт - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес парызды ұстанбаймын - Жанат Бақыт

Бес парызды ұстанбаймын - Жанат Бақыт

Алланың миссиясы, адамзат өміріндегі жаңа дәуір туралы даулы мәлімдемелер жасап жүрген экс-журналист Жанат Бақыт ислам дінінің 5 парызын ұстанбайтынын айтты.

  • 6 Мамыр
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайы Caravan.kz медиа порталы.

«Мен 5 парызды ұстанбаймын, намаз оқымаймын. Намаздың мәнін түсіну керек. Оны оқып жүрген адамдардың көбі намаздың мәнін түсінбейді. Намаз — Құдаймен оңаша қалып сырласуың, ақтарылуың. Бірақ адамдардың 90% оны парыз деп есептейді. Намаз оқымасам, күнәһәрға айналамын, исламнан шығып кетемін деген қоқынышпен оқиды. Бұл — дұрыс емес. Сенің қазір Құдайға сеніп отыруыңның өзі намаз деп ойлаймын», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол өзін жынданып кетті дегендерге де жауап берді.

«Галлюцинация деген не ол? Оның маған қатысы жоқ, транста да қалып кетпедім. Бұл — ғылым. Мен сіздер өмірге бір емес, бірнеше рет келесіздер деп шындықты айттым. Рух біреу болғанымен, рухтың жаны бірнеше. Жан, тән, рух. Үшеуі үш бөлек нәрсе. Бұрың-соңды қоғам естімеген тақырыптар болғаннан кейін, жылы жауып қоя салған оңай. Өздері ізденіп, жауапкершілікті мойындарына алғанға қарағанда Жанат жынданып кетті деп айта салған оңай болды. Себебі менің сөздерім олардың жанды жерлеріне тиіп кетті. Ізденгісі келмеген жалқаудың әңгімесі», — дейді ол.

«Жоғары, нәзік әлеммен сөйлесемін» деген журналист Кенесары ханның басыны қатысты ақпараттармен де бөлісті.

«Бізге Кенесары ханның басы оңай жерде деп көрсетіп тұр. Бірақ әзірге жоспар бойынша табылмауы керек деді. Егер ол табылатын болса, халық бірден Жанат молодец дейді, мүмкін президенттің алдында отыратын шығарсың, ал мына жұмыстарды кім істейді деп жатыр. Сол үшін тарихты зерттеп, адамдар толық түсіну керек, жоспар бар деп тұр. Жерде Кенесарының туған-туыстары бар екен. Солар бізге келіп көптеген ақпараттар беріп жатыр», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар