Бесінші сәбиін дүниеге әкелген Динара Сұлтан арықтай алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бесінші сәбиін дүниеге әкелген Динара Сұлтан арықтай алмай жүр

Бесінші сәбиін дүниеге әкелген Динара Сұлтан арықтай алмай жүр

Белгілі әнші Динара Сұлтан арықтай алмай әлек болып жүр. Өзінің айтуынша, бесінші сәбиін дүниеге әкелгеннен бері артық салмақ қосып алыпты. Бұрынғы киген киімдері сыймай, қалпына келе алмай жүр екен.

  • 24 Мамыр 2018
  • 143
Фото - Caravan.kz

«Мен артық салмақ тастаумен әлек болып жүрмін. Жо-жоқ, шын. Оның ешқандай ұяты жоқ. Бұрындары өз қалпыма тез келе қоятын едім, мына бесіншісінен кейін киім сыймай, қалпыма келе алмай әлі жүрмін. Шыны керек, тәтті нәрселерді жеп қоя беремін. Бірақ, емізіп жүрген қыз-келіншектерге тіптен ешқандай диета ұстауға болмайды, оны бәріміз білеміз», — деп жазды өз Instagram парақшасында Динара Сұлтан.

Артық салмағынан арылу үшін әнші бірнеше компанияның арықтауға арналған тағамдарын пайдаланып та көріпті. Бірақ, олар еш нәтиже бермеген. Осылайша емізулі баламен әзірге декреттік демалыста отырған Динара енді арықтау үшін дұрыс тамақтану тәсілін үйренуді қолға алатынын айтады.

Оқи отырыңыз:

Атырауда шомылу маусымы ашылды

Атырауда жол апатынан жүргізуші қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілді

Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды