Жарияланды: 610

"Бетім қан болып жатты" Зарина Омарова ауыр жол апатынан қалай аман қалғанын айтты

"Бетім қан болып жатты" Зарина Омарова ауыр жол апатынан қалай аман қалғанын айтты

Танымал әнші Зарина Омарова "Ең алғашқы" бағдарламасында ешкімге айтпаған сырларымен ең алғашқы рет бөлісті.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Зарина Омарова 16 жасында жол апатына ұшырап, қатты жарақат алған. Ұзақ уақыт жасалған отадан соң, бір жарым ай төсек тартып жатқан әнші сол сәттегі жан қиналысын көзіне жас үйіріліп еске алды.

Зарина Омарова: 

"Есімді жинағаннан соң, мен өзімнің кім екендігімді білген жоқпын. Атымды да білмеймін. Мені де ешкім танымады, өйткені бетімнің бәрі қан болды. Кейін медбике келіп бетімді сүртті. Сосын айтты бұл Марат Омаровтың қызы ғой деді. Содан соң барлығына хабар берген, ата-анама хабарласқан. Ол жерде ең бірінші артындағы жігітке көп көмек берді, өйткені оның жағдайы менікінен мүшкіл болған. Мен дәлізде біраз уақыт жатып қалдым. Егерде жарты сағатта кешіккенде өліп кетуім мүмкін еді. Әрі қарай ота жасалды, бәрі жақсы өткен. Кейіннен маған айтып берді. 

Шымкент қаласында сол ауруханада үш ай жаттым. Ең жақсы палата берді маған, еркелетті өте жақсы қарады. Дегенмен басым тігілген қиын жағдайда едім, ата-анам қасымда екеуі екі қолымды ұстап алатын. Ең бастысы анама оңай болған жоқ, дәлізде отыратын. Мен шақырғанда аяғы ауырып әрең келетін маған.

Көрер жарығым бар шығар. Сол көлікте үш адам болсақ, Алла мені ғана қалдырды. Сол кезле екінші рет туылғандай болдым." -дейді әнші.

Сол күні әншінің Шымкент қаласына жолға шыққан мақсаты "Жайдарман" ойындарына әділ-қазы ретінде шақырылған болатын.

"Ең алғашқы өмірдегі көрген азабым десем болады" - деп сөзін аяқтады Омарова.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін