Безбүйрек ана 1 айлық нәрестесін подъезге лақтырып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Безбүйрек ана 1 айлық нәрестесін подъезге лақтырып кеткен

Безбүйрек ана 1 айлық нәрестесін подъезге лақтырып кеткен

Көкшетауда безбүйрек ана 1 айлық сәбиін бөтен біреудің есігінің алдына тастап кеткен. Қызды қытайлық ала дорбаға орап, 5 қабатты үйдің подьездінде тұрған кір жуатын машинаның қорабына салып қойыпты.

  • 26 Қыркүйек 2013
  • 663
Фото - Caravan.kz


Баланың жылаған дауысын естіп, сыртқа шыққан тұрғындардың бірі өз көзіне өзі сенбеді. Есігінің алдында жатқан дорбаның ішінен жұқа көрпеге оралған сәби шыққан. Бірден полиция шақырып, шақалақты ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер сәбидің туғанына бір айдай болған дейді. Қазір оның тасбауыр анасы іздестірілуде.