Бибігүл Дәулетбекқызының ісі Алматыда қаралатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бибігүл Дәулетбекқызының ісі Алматыда қаралатын болды

Бибігүл Дәулетбекқызының ісі Алматыда қаралатын болды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «беделіме нұқсан келтірді және жала жапты» деп, тамыз айының 19 күні әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа берген еді. Себебі..

  • 19 Қыркүйек 2019
  • 61
Фото - Caravan.kz

Ақылбек Мақсұтов, Л.Сұлтанқызының қорғаушысы:

-Ол сөздер басқа адамның ар-намысын, қадір-қасиетін қорлайтын сөздер екені, жаңағы сот сараптамасымен дәлелденген. Біз тектен-тек сотқа берген жоқпыз, бірінші сараптама өткізілген. Және бұл сөздер кімге бағытталған деген.

Алғашқы отырыс 5 қыркүйекке белгіленгенімен, Нұрболхан Шарапов та, Бибігүл Дәулетбекқызы да бұл күнге алдына-ала жоспарланған істерінің барын айтып, сотты кейінге шегеруге өтініш білдірген. Арыздары қанағаттандырылып, отырыс 16 қыркүйекке ауыстырылған-ды.

— Шарапов пен Искакова тұрасыздар ма? Сіздерге құқықтарыңызды айтып кетейін. Қылмыстық іс қаралып жатыр, сіздер айыпталушыларсыздар.

Естеріңізге сала кетейік, журналист Бибігүл Дәулетбекқызына 130-шы баптың 2-ші бөлігі «жала жабу, беделіне нұқсан келтіру», ал әзілкеш Нұрболхан Шараповқа жоғарыда аталған бапқа қоса қылмыстық кодекстің 131-ші бабы 2-ші бөлігі, яғни «көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып қорлау»бойынша шағым түсірілгенді. Тағылған айыптармен келіспесе де, танымал қос тұлға әлеуметтік желіде пост жазғандарынан жалтарып тұрған жоқ.

-Өтініш хатты қарадық, пікірлеріңізді білдік…Енді сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне бара жатыр.

Сот арыз берушінің де, айыпталушылардың да шағымдарын тыңдай келе, әзілкеш пен журналисттің істері бөлек қаралады деген шешім шығарды. Ал Бибігүл Дәулетбекқызына қатысты барлық сот отырысы бұдан былай Алматыда өткізіледі.

Айман Омарова, Б.Дәулетбекқызының қорғаушысы:

— Күтпей кеттік, бірақ біздің өтінішімізді қарады. Біздің өтініш қанағаттандырылды. Өздеріңіз білесіздер, мен уже бірнеше рет айтып отырмын. Бұл жерде сот заңдылығы бұзылған деп. Ләйлә Сұлтанқызы Астанада тұрады деп, Астанада соттасуымыз керек па сонда? Ол дұрыс емес.

Нұр-Сұлтанда өткен сотқа айыптаушыларды әнші Алтынай Жорабаева қолдай келген.

Алтынай Жорабаева, әнші:

— Журналистер бар, блогерлер бар. Неге ол Нұрболхан мен Бибігүл таңдағаны біз үшін жұмбақ. Білмеймін, Ләйлә ханымның маған айтатын сыны бар ма, жоқ па, өзімдікі жетеді.

Нұрболхан Шараповтың ісі сол күйі елордада қаралатын болып қалды. Себебі, әзілкештің тұрғылықты тіркеуі Нұр-Сұлтан қаласында екен. Оның құқығын үш адвокат қорғауда.

Айман Омарова, Б.Дәулетбекқызының қорғаушысы:

-Ләйлә Сұлтанқызының екі адвокаты бар, Нұрболханның үш адвокаты бар. Он, жиырма адвокат алса да өздері біледі. Судья Тобағалиға рахмет айтамыз, заңды қаулы шығарып отыр.

Айтпақтай, Ләйлә Сұлтанқызының өзі сот отырыстарының бірінде төбе көрсетпеді. Енді Айман Мұратқызы Алматыдағы отырыстарға оның қатысуын заң жүзінде талап етпек.

Соңғы жаңалықтар