Жарияланды: 370

Би-Би-Си басшысы жұмысынан кетеді

Би-Би-Си-дің Бас директоры Джордж Энтуисл Британияда Newsnight бағдарламасының кезекті саны эфирге шыққаннан кейін өрістеген жанжалдың себебінен жұмысынан кетуге өтініш берді, деп хабарлады Би-Би-Си.

Онда журналистер қателесіп, бұрынғы консервативтік саясаткер лорд Макэллайнның педофилге қатысы бар деп айыптады. Бағдарламада лорд Макэллайнның есімі аталған жоқ. Джордж Энтуисл лорд Алистер Макэллайннан кешірім сұрады және хабарды эфирге шығар алдында көрмегенін түсіндірді. «Бас директор сонымен қатар бас редактордың міндетін де атқаратын және сайып келгенде барлық бағдарламанының мазмұны үшін жауап беретін болғандықтан, 2 қарашада, жұма күні көрсетілген Newsnight бағдарламасы журналистік стандартқа жатпайтынын ескере отырып, мен өз қызметімнен кетуді ардың ісі деп санадым», - делінген Энтуислдың мәлімдемесінде. Оның айтуынша, Newsnight журналистері «кәсібилігі төмен» екендігіне мысал болатын елеулі қателік жіберді. Сонымен қатар Джордж Энтуисл Би-Би-Си-де көптеген талантты және адал адамдар жұмыс істейтетінін атап көрсетті. «Сондықтан да ол әлемдегі таңдаулы хабар тарату корпорациясы болып қала береді», - деп қосты ол. Джордж Энтуисл корпорация басшысы болып екі айға жетпейтін уақыт қана жұмыс істеді. Корпорацияның басшысы міндетін уақытша BBC Worldwide директоры Тим Дэйви атқаратыны жарияланды. Энтуисл мәлімдеме жасаған кезде қасында тұрған Би-Би-Сидің Қамқоршылар кеңесінің төрағасы лорд Паттен ол лайықты қадам жасағанын атап өтті. Newsnight бағдарламасында 1970-1980 жылдары жыныстық зомбылыққа ұшыраған Уэльс балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі жөнінде әңгіме қозғалған болатын. Бұл туралы балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі әңгімеледі, ол зомбылық жасаушылардың арасында Консервативтік партияның жоғары шенді саясаткері де болғанын тілге тиек етті. Британдық Қауымдар палатасының депутаттары бұл оқиғаға байланысты Би-Би-Си қоғам тарапынан сенімді жоғалтып алмауы үшін фактілерді тексеруде сақ болуы қажеттігін мәлім етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін