"Билеттерінің қымбаттығын айтып аузымыз талды, таңдайымыз кепті": Мәжіліс депутаты "Эйр Астананы" қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Билеттерінің қымбаттығын айтып аузымыз талды, таңдайымыз кепті": Мәжіліс депутаты "Эйр Астананы" қатаң сынға алды

"Билеттерінің қымбаттығын айтып аузымыз талды, таңдайымыз кепті": Мәжіліс депутаты "Эйр Астананы" қатаң сынға алды

ҚР Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев "Эйр Астана" әуе компаниясын қатаң сынға алды.

  • 30 Қараша 2022
  • 672
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Әділ Қазақстан демекші, біз әр істе әділдік жеңгенін қалаймыз. Алайда сол әділдіктің аулы толық көрінбей тұр. Бүгін айтпақшым бізді оңды солды алдап арбап өкілетті органдарымыздың шалалығын пайдаланып кенедей халқымыздың қалтасын қағып жатқан алпауыт компаниялар туралы. Соның бірі Эйр Астана компаниясы. Билеттерінің қымбаттығын айтып аузымыз талды, таңдайымыз кепті. 2006 жылы мен Есеп комитетін басқарып отырғанда осы компанияны тексеріп көптеген былықтардың бетін ашып едік, тек біздің ұсыныстан кейі компания бірінші самолеттерін алуды бастап еді. Содан кейін бұл алпауытқа ешкімнің азуы батып бақылау жасаған емес. Бәрімізге белгілі монополияға қарсы күрес агенттігін тексеруге кіргізбей мазақ жасағаны. Міне осындай біздің атқарушы биліктің әлсіздігін пайдаланып аталмыш компания енді халқымыздан көрсетпеген қызметі үшінде ақы алуды міне бес жылға жуық уақыт жалғастырып келеді. Сөйтіп миллиардтаған заңсыз табыс табуда. Менің айтып отырғаным компанияның самолеттің эконом кластағы алдыңғы үш қатар орынды қосымша ақы үшін сатуы. Әр осы орындар үшін олар 6000нан 15000 теңгеге дейін билеттің құнынан тысқары ақы алып отыр. Мейлі алсын делік бірақ сол қаржыға көрсететін қызметі болуы керек қой! Ал ол жоқ, сол орында отырғандарға басқа эконом класта отырғандармен тең қызмет көрсетіледі Қосымша қызмет болмаса қосымша ақы алу заңсыз деп білемін! Тиісті құзырлы органдар осы мәселені тексеріп, халықты қанауды тоқтатуы керек. Білемін кейбір қорғаштар шығады нарық заңы бойынша сұраныс болғансоң солай істеп отыр деп. Өкілетті орган бұл компанияның монополды екенін ұмытпағаны дұрыс!", — деді мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар