ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сөзіне қарағанда, биыл 31 702 грант бөлінді, оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант 1 курсқа қабылдауға қарастырылды.
Атап айтқанда, ығымдағы жылы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына негізделді. Осы орайда аталған басымдықтарды ескере отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға ескерілген. Сонымен қатар, 5 000 грант — педагогикалық, 2 690 грант — ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына, 3 000 грант — медициналық салаға мамандықтарға бөлініп отыр.
Министрлік мәліметінше, конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін ЖОО-лар тізімі айқындалды. Еліміздің 112 азаматтық жоғары оқу орындары арасында оқу гранттары 87 ЖОО-ға бөлінді.
«Ағымдық жылғы оқу гранттарын алу конкурсына 59 677 адам қатысуда, олардың ішінде 47 342-сі — қазақ тілінде білім алуға (80 пайызға жуығы), 12 335 талапкер орыс тілінде оқуға тапсырды», — деді министр.
Е. Сағадиев «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» жобасы аясындағы квота бойынша өткізілген конкурсқа 9 797 адам қатысып отырғандығын жеткізді.