Білім және ғылым министрлігі магистратурада оқу құнын қымбаттатып, философия докторларын дайындау бағытындағы тәжірибені бастамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім және ғылым министрлігі магистратурада оқу құнын қымбаттатып, философия докторларын дайындау бағытындағы тәжірибені бастамақшы

Білім және ғылым министрлігі магистратурада оқу құнын қымбаттатып, философия докторларын дайындау бағытындағы тәжірибені бастамақшы

Білім және ғылым министрлігі магистратурада оқу құнын қымбаттатып, философия докторларын дайындау бағытындағы тәжірибені бастау арқылы сырттай білім беру жүйесін ретке келтірмекші. Бұл туралы бүгін, 15-сәуірде Астанада ҚР білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министр Жақсыбек Күлекеев мәлімдеді.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 627
Фото - Caravan.kz

«Қазір бізге магистрлер дайындау құнын шұғыл көтеру қажет. Олай болмаған күнде сапалық жоғары деңгейде магистр дайындауға қол жеткізу мүмкін емес. Магистрлерді біл жыл оқыту құны 450-500 мың теңгеден төмен болмауы тиіс деген пайым бар. Алдағы жылдан бастап біз бір магистр дайындау шығынын осындай көлемде қарастыра аламыз деп сенемін, бірақ біз олардың санын азайтуымыз мүмкін»,- деді министр.

Ж.Күлекеевтің хабарлауынша, қазір бір магистрді бір жыл оқыту құны 118 мың теңге , ал бір студентті оқыту құны жылына 119,5 мың теңгені құрап отыр.
Сондай-ақ, білім министрлігі алдағы жылдан бастап философия докторларын дайындау бағытындағы тәжірибені қолға алмақшы.
«Бюджетте бір докторды бір жыл оқыту құнын 1 млн. 100 мың теңге, немесе, 8-9 мың доллар көлемінде белгілеуді өтініп отырмыз. Бұл жалпылама орташа көрсеткіш. Алдағы жылы біз 120 докторды дайындау жұмысын қолға аламыз»,- деді Ж.Күлекеев.
Білім және ғылым министрінің пайымдауынша, соның нәтижесінде сырттай оқыту жүйесі ретке келеді. Болашақта «алғашқы жоғары білімді толыққанды сапалы игерген адамдар үшін «сырттай оқыту жүйесін сақтап қалуға болады. «Ал басқалар үшін сырттай білім беру жүйесі жабылуы тиіс»,- деді ол.
Министрдің пайымдауынша, жоғары оқу орындарының шығынының орнын «маман дайындау құнын қымбаттату» есебінен толықтыруға болады, ал «оқыту құны біртіндеп өсірілуі тиіс». Сондай-ақ, Ж.Күлекеевтің пікірінше, «қашықтан оқыту жүйесін қолданысқа кеңінен енгізу қажет».

Соңғы жаңалықтар