“Білмесеңіздер жазбаңыздар” Есірткі сатты деген жігіттің анасы жылап тұрып, видео үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Білмесеңіздер жазбаңыздар” Есірткі сатты деген жігіттің анасы жылап тұрып, видео үндеу жасады

“Білмесеңіздер жазбаңыздар” Есірткі сатты деген жігіттің анасы жылап тұрып, видео үндеу жасады

Facebook желісінде аяусыз соққыға жығылған баланың анасы жылап тұрып, видео үндеу жасады. 

  • 19 Қыркүйек 2022
  • 568
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Белгісіз затқа пікір жазудың өзіне мен ұялам. Жеке өзім біреудің жаман нәрсе жазуға ұяламын. Өйткені мен жаман жазған жерге ондай нәрсе жазғым келмейді. Бар-жоғы 18-19 млн қазақпыз ғой. Оның қаншасы қазақ өздеріңіз білесіздер гой. Мені танымаймайсыздар, ұлымды танымайсыздар. Менің балам қайссыңыздың балаңызға есірткі сатты? Кім көрді? Осыған жауап беріңізші егер ойланып ия десеңіз ғана, жазыңыз болмаса үндемеңіз.",- деп жазба қалдырды.

Еске салсақ, желіде бетін тұмшалаған жігіттердің жас жігіттің қолын шынжырмен ұрып, жазалап жатқан видео тараған болатын. Көпшілік оны есірткі сатқаны үшін соққыға жығылды деп пікір қалдырды.

Желі оқырмандары:

"Қазақстанға көшіп бару ниетіміз бар еді мына қазақ жігітін азаптағанын көріп талай жас сарбаздар қыршын кеткенін көріп заң тәртіп мейір-шапағат адамгершілік қасиеттер жоқпа мүлдем деген ойға келдім. Өкінішті", "Жыламаңыз елдің аузына қақпақ боламайсыз.Бәрі жақсы болады құдайқаласа","Анасыз ғойжылауыңыз өте орынды, аман жүріңіз,шынымен несіне қарғаймыз білмей"- деп жазды.


 

 

Posted by Saken Abdualiev on Sunday, September 18, 2022