"Бір балаға 20 мың теңге жетеді": Биліктен қуылып, халықшыл болып жүрген Әлтаев кезінде не деп еді? (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір балаға 20 мың теңге жетеді": Биліктен қуылып, халықшыл болып жүрген Әлтаев кезінде не деп еді? (ВИДЕО)

"Бір балаға 20 мың теңге жетеді": Биліктен қуылып, халықшыл болып жүрген Әлтаев кезінде не деп еді? (ВИДЕО)

Бүгінде халықшыл болып жүрген  Нұржан Әлтаевтың ісіне күмәнмен қарайтындар да көп. 

  • 3 Желтоқсан 2020
  • 467
Фото - Caravan.kz

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш "Әлтаев расымен халықшыл болса, көрейік. Партия құрып, айналасына қара жинай алар ма екен, жоқ па?" деп жазды.  әлеуметтік желіде.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Осы біздің шенеуніктеріміз бен депутаттарымыз орынтағынан түсіп қалса бірден "халықшыл" боп шыға келеді екен! Бүгін билік партиясынан ит қосып қуылған Нұржан Әлтаев "халықтың жағдайын көре тұрып, үнсіз қала алмадым" депті. Па, шіркін-ай!

Былтыр, көпбалалы балаларға әлеуметтік төлем төлерде "бір балаға 20 мың теңге беймарал жетеді!" деп, бұрынғы әріптестерін шыр-пыры шығып қорғағанда халық қайда қалып еді? Халықшыл болса, бір балаға жұмсалатын шығынның көлемін еуропалық стандарттарға сай етіп көтеру туралы мәселе қозғамады ма?

Онысы мақұл-ақ!

"Ел тірегі" қоғамдық ұйымы негізінде құрамын" деген партиясы қайда қалды? Халықшыл болса, не себепті осы уәдесінде тұрмады? Халыққа неге ұран тастамады? Осы сөзінің астарынан шантаж-мантаждың иісі шықпай ма?

Жалпы, Әлтаевтың партиядан шығарылуына мына нәрсе себеп болды деп ойлаймын:

Франция президенті Макрон мен Түркия президенті Ердоған сөзбен ілінісіп қалғанда, біздің Нұржан Әлтаев Макронды әлеуметтік желіде (ютуб каналда) кәдімгідей тілдеп тастады. Бұл жайт Парламент регламентінің (депутаттық этика туралы) 108 бөлім, 23 тармағына қайшы еді. Саяси тұлғаның бұл мәлімдемесіне Франция елшілігі назар аударса, халықаралық "скандалдың" бұрқ ете қалуы әбден мүмкін еді. Әдетте, сыртқы саясатта Нұржан Әлтаев секілді"лақ етпе" жеңілтектік құпталмайды. Әлтаевтың бұл ісі Парламенттің депутат этикасы Кеңесінде талқыланып, соның кесірінен партиядан шығарылды. Енді расымен халықшыл болса, көрейік. Партия құрып, айналасына қара жинай алар ма екен, жоқ па екен?", деді Тоқтар Жақар фейсбуктегі парақшасында. 


 

Соңғы жаңалықтар