Бір күнде Қазақстанда 90 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір күнде Қазақстанда 90 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Бір күнде Қазақстанда 90 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

26 шілдедегі мәлімет бойынша, республикада коронавирус пен "ковидтік" пневмониядан 83 мыңнан аса адам емделіп жатыр

  • 26 Шiлде 2021
  • 114
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен COVID белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар санын жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, бір тәулікте коронавирустан 70 пациент, ал пневмониядан 20 науқас көз жұмды.

26 шілдедегі мәлімет бойынша, 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (–81 077 + және 2007 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 868 пациент стационарда, 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, 1 444 адамның жағдайы ауыр, 304 науқас хәл үстінде жатыр. 183 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.


 

Соңғы жаңалықтар