Бір тәулікте 14 мыңдай адам коронавирус жұқтырған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулікте 14 мыңдай адам коронавирус жұқтырған

Бір тәулікте 14 мыңдай адам коронавирус жұқтырған

Соңғы 24 сағат ішінде әлемде 14 мыңға жуық адам жаңа коронавирус жұқтырып, 862 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

  • 17 Наурыз 2020
  • 104
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, күніне 13 903 жаңа инфекция оқиғасы анықталды, олардың тек 29-ы Қытайда болған.

Осылайша, әлемде вирус жұқтырғандардың жалпы саны қазіргі уақытта 167 511 адамды құрайды.

Қытайдан бөлек, COVID-19-дан 848 адам қайтыс болды. Әлемде өлім жағдайларының жалпы саны 6606-ға жетті, оның 3388-і ҚХР-дан тыс мемлекеттерде.

Сонымен қатар вирус қазірдің өзінде 151 елге таралған.

Соңғы жаңалықтар