Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім - Н.Назарбаев

Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім - Н.Назарбаев

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдары ел тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

  • 17 Қаңтар 2014
  • 309
Фото - Caravan.kz


  Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына жыл сайынғы, дәстүрлі Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Осыдан 1 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еткендігін атап өткен Мемлекет басшысы: «Соның ішіндегі ең басты мақсат — елімізді дамыған 30 елдің арасына енгізу. Ол мәңгілік Қазақстан жобасы. Ел тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып табылады»,- деді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті еліміз 22 жылдың ішінде қыруар іс тындырғанын баса айтты. «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды», — деді Н.Назарбаев.